Солтүстік-батыста кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.
Қостанай облысында түнде кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Жамбыл облысында, кей жерлерде Алматы, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың батысында, оңтүстігінде, кей жерлерде оңтүстік-шығысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстігіндегі және шығысындағы тау өзендерінде судың құбылуы күтіледі, Батыс Алтайдың кей өзендерінде су деңгейі көтеріледі.