Синоптиктердің болжамынша, бұлттардың ықпалымен найзағай ойнап, жаңбыр жауады, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал.
26 маусымда солтүстікте, 24-25 маусымда шығыста, 24 және 26 маусымда еліміздің оңтүстік-шығысында қатты нөсер жауып, Қазақстанның оңтүстік-шығысында шаңды дауыл соғады. 26 маусым түнде солтүстік-батыста топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.
Температурада айтарлықтай өзгеріс жоқ.