Бұл туралы бүгін Алматыда ҚР Ұлттық банкі мен Корея Республикасының қаржылық қадағалау қызметі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою кезінде айтылды.
«Корея Республикасының Қазақстандағы инвестициясының жалпы көлемі 1 қаңтарда 1,6 миллиард АҚШ долларын құрады. Ал Қазақстанның Кореядағы инвестициясы 2,6 миллиард доллар болды. Оның 1,9 миллиарды Ұлттық банк пен Ұлттық қордың инвестициясы», - дейді ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко. Оның айтуынша, инвестиция көлемі жеткілікті деңгейде үлкен. Сауда көлемі де өсуде.