Кездесу барысында екіжақты әскери ынтымақтастықтың ағымдағы және перспективалық бағыттары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2019-2021 жылдарға арналған әскери салада Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы стратегиялық серіктестік бағдарламасына, сондай-ақ екі елдің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2019 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды.