Министр Ә.Жақсыбеков Қазақстанның Қарулы Күштері сапында адал қызмет етіп, ел қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосып жүрген қыз-келіншектерге ризашылығын білдірді. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен еңбегімен ерекше көзге түскен әскери қызметші әйелдерге кезектен тыс әскери атақтар мен грамоталармен табыс етілді.
«Бүгінгі таңда ҚР Қарулы Күштерінің қатарында 54 әйел басшылық лауазымдарды атқарып келеді. Сонымен бірге, төл армия сапында қызмет атқарып келе жатқан әйелдер арасында 184 лейтенант, 258 аға лейтенант, 211 капитан, 134 майор, 27 подполковник, 8 полковник әйел бар. Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігіне қарасты құрылымдардың азаматтық персоналы арасында да көптеген адамзаттың нәзік жанды бөлігі еңбек етуде» делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.