Қазақстанның құрамасын Боничиолли басқарады
17:14, 07 Мамыр 2012
АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - «Астана» баскетбол командасының бас бапкері Маттео Боничиолли алдағы уақытта Қазақстанның ұлттық құрамасын жаттықтыратын болады.
Sport.kz сайтының хабарлауынша, бұл жайында итальян баспасөзі жазып жатыр. Ондағы мәліметке сәйкес, М.Боничиоллидің жаңа келісімшарты 2 жылға рәсімделмек. Қазіргі кезде оның шәкірті, «Астана» командасының көшбасшысы Джерри Джонсон Қазақстан азаматтығына құжат тапсырып қойды. Осының арқасында ол ұстазы басқаратын ұлттық баскетбол құрамасына өтуге ниетті.