Қазақстанның Иорданиядағы Елшілігіне жолдаған хатында иорданиялық ғалым, халықаралық дағдарыстың салдарына қарамастан, Қазақстанның соңғы жылдары орнықты экономикалық ілгерілеуге қол жеткізіп отырғанын атап көрсетеді. Ғалым хатында сондай-ақ, Кеден одағын құрудың есебінен едәуір кеңейіп отырған Қазақстанның Беларус және Ресеймен аймақтық экономикалық ынтымақтастығына оң баға беретіндігі айтылған, деп хабарлады Қазақстан елшілігінен.
Ғалым сонымен бірге, Қазақстанның күшті жақтарының бірі ел халқының бірлігі екендігін атап көрсетеді.