Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі ұлты өзбек азаматтарының шекарадан өтуіне кедергі келтірілгендігі туралы ақпаратты жоққа шығарды

None
БІШКЕК. Маусымның 17-сі. ҚазАқпарат /Евгений Новиков/ - Бүгін Қазақстанның Қырғызстандағы елшілігі қазақстандық шекарашылардың Қырғыз Республикасының ұлты өзбек азаматтарының өтуіне кедергі келтіру фактісінің орын алғандығы туралы бірқатар қырғыз БАҚ-тарынан Қырғызстанның шекара қызметіне сілтеме жасай отырып таратқан хабарын жоққа шығарды.

Осыған байланысты Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі аталмыш жарияланымның шындыққа жанаспайтындығын ресми түрде мәлімдейді.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның шекара қызметі ҚР-дағы тұрақсыз жағдайға байланысты Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараны қатаң бақылауға алған.