Қазақстанның Қырғызстандағы жаңа Елшісі тағайындалды
19:11, 14 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 14-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев тағайындалды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Елбасының Жарлығымен сондай-ақ Бақыт Сағындықұлы Оспанов басқа жұмысқа ауысуына бвайланысты Қазақстан Республикасының Қырғызстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.