Шара барысында ҚР-ның ҚХР-дағы елшісі Нұрлан Ермекбаев сөз сөйледі.
Елші өз сөзінде Қазақстанның қысқа тарихи кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуда толымды табыстарға жеткенін, ішкі саяси тұрақтылықты сақтап, ірі сыртқы саяси жетістіктерге қол жеткізіп, халықаралық аренада кеңінен танылғанын атап өтті. «Бұл жетістіктердің барлығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланысты», - деп атап өтті елші.
Дипломатиялық өкілдікте сонымен бірге, «Назарбаев.Live» деректі фильмі көрсетілді. Ол сирек мұрағат кадрлары мен Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей сұхбатының негізінде жасалған және онда ҚР Президентінің өмір жолы мен оның билікте қалыптасуы жайлы сөз болады.
1991 жылдың 1 желтоқсанында ел Президентін сайлау бойынша жалпыхалықтық сайлау өтіп, оның барысында Н.Назарбаев дауыс берушілердің 98,7 пайыз қолдауына ие болды.