Қазақстанның Мәдениет министрі ИСЕСКО ұйымының бас директорымен кездесті

АНА. 28 маусым. ҚазАқпарат /Ақбота Күзекбай/ - Қазақстанның Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед бүгін Астанада Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымының (ИСЕСКО) бас директоры Әбдел-Әзиз Бен Осман Әл-Туейджримен кездесті,

деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінен.

Кездесу барысында Қазақстанның мәдениет мәселелері бойынша аталмыш ислам ұйымымен ынтымақтастығының перспективалары талқыланды.

ИСЕСКО ұйымы Ислам конференциясы Ұйымының мамандандырылған мекемесі ретінде 1982 жылы 3 мамырда құрылған болатын. Оның штаб-пәтері Рабатта (Марокко) орналасқан.