АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының серверлерінде техникалық проблемалар шықты. Осыған байланысты уақытша мемлекеттік қызмет көрсету тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қазіргі уақытта «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары мамандандырылған ХҚО-да туындаған жағдайды жою үшін барлық мүмкіндікті қарастыруда. Алматы қаласының автоХҚО-сынан қызмет алуға тиіс клиенттер оны дүйсенбі күні қолда бар бронь бойынша ресімдей алады»,- деп хабарлады ведомствоның филиалынан.
Дүйсенбі мерекелік демалыс күні болуына қарамастан, мамандандырылған ХҚО–лар азаматтарды қабылдайтын болады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.