Қазақстанның машина жасау саласы қарқынды өсіп келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Соңғы 4 жылдың ішінде Қазақстанның машина жасау саласының даму қарқыны тұрақты өсім көрсетіп келеді. Мәселен, Индустриаландырудың 1-ші бесжылдығы жүзеге асырылған кезеңде саладағы өндіріс көлемі 2 есеге артып, 2010 жылғы 376 млрд. теңгеден 2013 жылы 854 млрд. теңгеге дейін ұлғайған.

Бұдан бөлек, елімізде машина жасау саласының тың бағыттары да қарқынды даму үстінде. Қазақстанда локомотив, жолаушылар пойызын, автобустар мен жеңіл және жүк көліктерін шығару қолға алынды. Республикада General Electric, Talgo, Hyundai, Toyota сынды әлемге таным а л компаниялар өз өндірістерін жолға қоюда.

Ал келер жылдан бастап Қазақстан 2019 жылға дейін Үдемелі индустриалды инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға кірісетін болады. Аталған бағдарламадағы 14 салалық басымдықтың 6-ауы машина жасау саласына тиесілі. Сондықтан да Қазақстанда машина жасау саласына зор көңіл бөлінуде.