Қазақстанның машина жасаушылары одағының Қазақстан азаматтарына Үндеуі

None
АСТАНА. 14 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі Қазақстанның машина жасаушылары одағының ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылдың 6 желтоқсанына дейін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы ұсынысты қолдауға шақыратын ел азаматтарына жолдаған үндеуінің мәтінін жариялайды.

Қазақстанның машина жасаушылары одағының

ҮНДЕУІ

Қазақстанның машина жасаушылары одағына кіретін және кәсіпорындарда жұмыс жасайтын үш жүз мың жұмысшылар мен инженерлердің атынан біз Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту бойынша референдум өткізу жөніндегі бастаманы толық және сөзсіз қолдайтынымызды мәлімдейміз.

Домен және мартен пештерінің жалынында шыныққан біздің Президентіміз жұмысшылардың бүгінгі тұрмыс-тіршілігін жанындай түсінеді, қазақстандық азаматтарға не қажет екендігін жақсы біледі. Президентпен бірге біз неше түрлі сынақтардан өтіп, қиын жылдарды ойдағыдай еңсердік. Елбасының сарабдал саясатының арқасында тәуелсіздік жылдары халқымыздың ертеңгі күнге деген сенімі нығайып, тұрақты табысқа, жалақыға, зейнетақыға, тұрғын үйге қол жеткізіп, бейбітшілік пен келісім салтанат құрған елде балаларын тәрбиелеуге мүмкіндік алды. Бүгінде Қазақстанды бүкіл әлем гүлденген, бейбіт өмірге ұмтылған, жарқын келешекке нық қадам басып келе жатқан ел ретінде таниды.

Кемеңгер Президентіміздің арқасында ғана еліміздің үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы дүниеге келді. Онда машина жасау кешенін жаңарту мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Жоғары технологиялы құрылғылармен жабдықталған және жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген жаңа кәсіпорындар салу - біздің жақын кезеңге арналған басты міндетіміз. Алға қойған бұл міндеттерді біз тек бар күш-қайратымызды жұмсай отырып, барлық мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып орындай аламыз және биік асуларды бағындырамыз.

Мемлекетіміздің негізін қалаушы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың барлық болашақ өзгерістердің басы-қасында болуы - Қазақстанның қарыштап дамуының басты шарты болып табылады. Ол - реформалардың толығымен жүзеге асуының, еліміздің ілгері дамуының, біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімнің кепілі. Біз гүлденген және тұрақты Қазақстан үшін!

Осы үндеумен Қазақстанның машина жасаушылары одағы және оған кіретін кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың президенттік өкілеттігі мерзімін 2020 жылғы 6 желтоқсанға дейін ұзарту бойынша жалпыхалықтық плебисцитті қолдайтынын және Референдумды қолдау үшін демократиялық күштердің «Қазақстан-2020» жалпыұлттық коалициясына кіретінін мәлімдейді.

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты,

«Қазақстан машина жасаушыларының

одағы» ЗТБ-нің Басқарма Төрағасы

М. Пшембаев

Басқарма мүшелері:

«Казагрофинанс» АҚ-ның

Басқарма Төрағасы

Д. Айтжанов

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның

Басқарма Төрағасы

Қ. Қабылдин

«Қазақсельмаш» корпорациясы» ЖШС

Директорлар кеңесінің Төрағасы

А. Қажкенов

«Машзавод №1» ЖШС-нің

Бас директоры

Б. Кенжин

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның

Президенті

А. Мамин

«Қазақстандық құбыр изоляциясы зауыты» ЖШС-нің Директоры

Қ. Мейрамбеков

Қазақстан Республикасы

Парламенті Мәжілісінің депутаты

В. Рогалев

Қарағанды машина жасау консорциумы

Директорлар кеңесінің Төрағасы

С. Стюков

«Қазақтелеком» АҚ-ның Басқарма Төрағасы

К. Есекеев