Бұл туралы бүгiн Астанада медицина қызметкерлерiнiң кәсiби мерекесiне арналған салтанатты шарада ҚР Денсаулық сақтау министрi Салидат Қайырбекова мәлiм еттi.
«Бiр тәулiкте бiздiң әрiптестер бiр мыңға тарта ананы босандырып алады. 2 мыңнан астам ота жасалады. Олардың iшiнде ең жоғары технологиялы операциялар да бар. Жедел медициналық көмек көрсету қызметi тәулiгiне 18 мың мәрте шақыртуларға шығады. 7 мыңға жуық адам бiздiң стационарлық емдеуде қабылданады. Қандай индустрия және қандай ауқымды жұмыс екендiгiн көрiп отырсыздар», - деп атап өттi министр.
Оның айтуынша, медицина қызметкерлерiнiң жоғары кәсiбилiгi - медициналық қызметтердiң сапасына тiкелей әсер етедi. Министрдiң атап өткенiндей, жас мамандарға үлкен үмiт артылуда.