«Өздеріңізде білетіндей, біз ауқымды институттық, оның ішінде Қазақстандағы инвестициялық ахуалды одан ары жетілдіруге бағытталған реформаларды жүзеге асыруға кірістік. Бұл реформалар замануи мемлекеттік аппаратты қалыптастыруды қарастырады. Дегенмен, мемлекеттік аппарат жұмыс істеп тұр. Онда неге заманауи деп сұрайсыздар ғой? Өйткені, ол кеңестік мемлекеттік қызмет кемшіліктерінен арылған жоқ», - деді Мемлекет басшысы. Елбасының атап өтуінше, мемлекеттік аппарат мемлекет пен халыққа ғана қызмет істеуі үшін тәсілдемелерін өзгерту қажет. «Ұсынылып отырған қайта құруларды тиімді жүзеге асыру сапалы жаңа институттық орта қалыптастыруға мүмкіндік береді және Қазақстанды инвестициялар үшін барынша тартымды қылады», - деді Н.Назарбаев.
16:04, 04 Маусым 2015
Қазақстанның мемаппараты Кеңес заманындағы олқылықтардан арылған жоқ - Н.Назарбаев
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның мемлекеттік аппараты кеңестік мемлекеттік қызметтің кемшіліктерінен арылған жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Шетел кәсіпкерлерінің 28-ші кеңесінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.