«Ағымдағы жылы Қазақстан жан-жақты әрі кезең-кезеңімен дамуының жаңа ширек ғасырын бастады. Бүгінде біздің еліміз нарықтық экономикасы, демократиялық саяси жүйесі, дамып келе жатқан заманауи қоғамы бар қуатты мемлекет ретінде белгілі. Қысқаша түйіндесек, Қазақстан Республикасының құрылуы мен қалыптасуының алғашқы 25 жылдық кезеңінің негізгі нәтижесі осындай. Өмір бір орнында тұрмайды. Бүгінде қарқынды жаһанданудың қуатты сын-қатерлерімен үндесетін ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жүктеп отырған мақсаттардан туындайтын жаңа әрі барынша күрделі міндеттерді шешу қажет», - деді Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшының атап өтуінше, дәл осыдан кейін Елбасы жаңа және барынша өзекті бастама - конституциялық реформа жобасын көтеріп отыр.
«Біріншіден, мемлекет билігі тармақтары арасында өкілеттікті бөлу - бұл мемлекеттің, экономика мен қоғам дамуының қол жеткізген деңгейін түсінгеннен туындаған және елді одан ары дамытуға бағытталған қадам. Екіншіден, әлемдік дамудың жаһандық тренді инклюзивті жаһандану уақыттың қиындай түскен сын-қатерлеріне қуатты жауапты талап етеді. Үшіншіден, Стратегия-2050 негізгі мақсаттарына қол жеткізу, әлемнің дамыған үздік 30 елінің қатарына кіру үшін экономикалық және әлеуметтік-мәдени базисті дамыту мақсатында саяси құрылымды жаңғырту қажеттігі туындап отыр», - деп түсіндіреді Әбдіқалықова.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, конституциялық реформа жобасын жалпыхалықтық талқылауға ұсыну заманауи демократия жолына жетелеп келе жатқан Ұлт Көшбасшысының жоғары саяси деңгейін көрсетеді.