Қазақстанның Мемлекет басшысын сайлаудағы жеңісімен Моңғолия Президенті құттықтады

АСТАНА. 11 сәуір. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты президенттік сайлаудағы жеңісімен Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж құттықтады, деп хабарлады Ақордадан.

«Аса құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы,

Сізді сайлаудағы тамаша жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын.

Жұмысыңызға табыс, деніңізге саулық, ал достас Қазақстан халқына - гүлдену тілеймін», - дейді Моңғолия Президенті өз құттықтауында.