Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясаты туралы жаңа оқу құралы жарық көрді

АЛМАТЫ. Наурыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда наурыздың 15-і күні Қазақтың әл-Фараби атындағы ұлттық университетінде «Қазақстанның мемлекеттік ақпараттық саясаты: болашаққа көзқарас» атты әдістемелік оқу құралының тұсаукесері өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ол Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша 2009 жылғы әлеуметтік маңызы бар лот - «журналистерге мемлекеттік ақпараттық саясатты оқыту семинарларын өткізу» тендері аясында әзірленіп отыр. Әдістемелік оқу құралы қоғамдық ұйымдар мен университеттің ЮНЕСКО кафедрасының бірлескен алғашқы тәжірибесі. Оны жүзеге асыру кезінде - Қазақстанның ақпараттық саясаты мен ақпараттық кеңістіктің даму үрдісі туралы таныстырылымдар әзірленді. Астана, Алматы, Талдықорған, Өскемен, Тараз, Орал қалаларында шеберлік дәрістері жүргізілді. Сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік саясаттың болашағын насихаттау мақсатында оқыту модулі мен әдістемелік ұсыныстар даярланды. Енді мемлекет бойынша тәжірибе бөлісу мақсатында оқыту-әдістемелік оқу құралын шығарылып отыр. Онда түрлі мемлекеттердегі ақпараттық саясаттың даму тарихы мен жұмыс тәжірибесі туралы айтылған. Оқу құралы педагогтарға, журналистерге, саясаткерлерге, әлеуметтанушыларға және қоғамдық өмір мен масс-медианың жаңартылуы мәселесі қызықтыратын өзге адамдарға арналған.