Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы БҰҰ саммитіне қатысу үшін Нью-Йоркке келді

НЬЮ-ЙОРК. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Әлия Алтынғазина/ - БҰҰ Бас Ассамблеясының 64-ші сессиясының жұмысына қатысу үшін сейсенбі күні Нью-Йоркке Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев келді.

 Сапар бағдарламасында     Ядролық  сынақтарға  жаппай  тыйым  салу  туралы келісімшарттың  күшіне  енуіне   қолдау көрсету  жөніндегі конференцияда  және жалпысаяси жарыссөздерде  сөз сөйлеу     жоспарланып  отыр.  Қ.Саудабаев   сондай-ақ  БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен,    Ресей мен  Қытайдың сыртқы істер министрлерімен,   АҚШ  Мемлекеттік  хатшысымен     және    АҚШ-тың  Ауғанстан және  Пәкістан  бойынша арнайы елшісімен     кездеседі.

Сондай-ақ Мемлекеттік   хатшы   БҰҰ  Қауіпсіздік  кеңесінің     ядролық   қарусыздану  және      оларды таратпау  мәселелері  жөніндегі  жоғары  деңгейдегі  мәжілісіне,  Ислам Конференциясы Ұйымы министрлерінің кездесуіне  қатысады.

 Қыркүйектің 22-27-сі аралығына    Қ.Саудабаевтың   БҰҰ-ның   Еуропалық экономикалық  комиссиясының     атқарушы хатшысы   Ян Кубишпен,        сыртқы істер жөніндегі  еуропалық комиссар Бенита Ферреро-Вальднермен,    БҰҰ  елдерінің сыртқы  істер министрлерімен    екіжақты кездесулері    жоспарланған.