Оның атап өтуінше, 2013 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның үкіметтік қарызының деңгейі және оған қызмет көрсету мен өтеу ағыны қауіпсіз шекте.
«ЖІӨ-ге қатысты үкімет қарызы 12,9 пайызды құрайды. Инфляцияның ағымдық деңгейі мен пайыздық ставкасы бюджетке қарыз жүктемесіның қолайлы деңгейінде. Ол өткен жылы 9,7 теңге деңгейінде қалыптасқан болатын», - деді министр.
Б.Сұлтановтың айтуынша, жалпы қарыз көлеміндегі басым үлес ішкі нарықтағы мемлекеттік құнды қағаздарға салынған.
«2014 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 4,4 трлн. теңгені немесе ЖІӨ-нің 12,9 пайызын құрады», - деді ол.