«Реформаның эволюциялық болуы маңызды. Өзгерістерді біртіндеп жүргізу қажет», - деді ол Қазақстан Президентінің өз өкілеттіктерін Үкімет пен Парламент арасында қайта бөлу жөніндегі үндеуіне орай.
Сонымен қатар ол жүйеге реформа жүргізбесе және мемлекет қажеттілігіне орай бейімделінбесе, онда өзгерістер сәл қиындықтар арқылы жүргізілуі ықимал екендігін ескертті.
«Реформалау қарқыны өте дұрыс таңдап алынған деп ойлаймын. Себебі, түсінгенімше, бұл соңғы бастама екен әрі жаңа құрамдастармен толыға түсетін сияқты», - деді Рекеда.
Ресейлік сарапшы еліміздің қатардағы азаматтары үшін оң нәтижелер ретінде қазақстандықтардың республикадағы ахуал мен саяси жүйеге ықпал ететін билікке бақылау жүргізу мүмкіндігін алады.
«Әдетте мемлекеттік жүйедегі өзгерістер жаңа көшбасшының келуімен байланысты болады. Алайда бұл ретте қазақстандық тәжірибе жақсы көрсеткіш. Президент Назарбаев өкілеттіктердің бір бөлігінен алып, биліктің басқа тармақтары арасында қайта бөлу қажеттігін саяси тұрғыда байқап отыр», - деді ол.