«Бәсекелестік саясатын дамыту және қорғау орталығымен бірлесіп өткізіп жатқан Қазақстан Республикасының монополияға қарсы қызметінің 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел қатысушыларын Қазақстанның монополияға қарсы органы атынан және өз атымнан шын жүректен құттықтаймын. Тура 30 жыл бұрын 1991 жылғы 7 маусымда сол кездегі Қазақ КСР Президентінің № 330 Жарлығымен Қазақстанның алғашқы монополияға қарсы органы құрылды. Биылдан бастап Үкіметтің шешімімен кәсіби мереке ретінде бекітілген «Монополияға қарсы орган қызметкері күніне» ерекше мән беретінімізді айтқым келеді», - деді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин дөңгелек үстелдің ашылуында.
Дөңгелек үстелге Беларусь, Ресей, Қырғызстан, Арменияның монополияға қарсы қызметінің өкілдері қатысуда.
Агенттік төрағасы әріптестерін мерейтойлық датамен құттықтады.
«Монополияға қарсы қызметке қатысы бар барлық әріптестерімді, достарымды ортақ мерекемізбен құттықтаймын, сондай-ақ Қазақстанның монополияға қарсы органының құрылуы мен қалыптасуының бастауында тұрған адамдарға үлкен алғысымды білдіремін», - деді агенттік басшысы.