Шара жыл сайын «Шеврон» компаниясы «Аяла» қайырымдылық қорымен бірлесіп өткізетін қайырымдылық акциясы аясында өтті.
«Бұл ауруханаға біз сенсорлық бөлме ашып бердік. Болашақта бұл бөлме балалардың денсаулығын сақтауда көп көмектеседі деп сенеміз», - деп атап өтті компания өкілі Жанар Қошпанова шара барысында.
Оның айтуынша, «Шеврон» компаниясы Қазақстанда да, басқа елдерде де медициналық ұйымдарды әрдайым қолдап отыруды өзінің әлеуметтік инвестициялық саясаты ретінде ұстанады.
«Денсаулық сақтау мекемелеріне заманауи медициналық құрал-жабдықтар сыйлаумен қатар, біз мамандарды медицинаның ең соңғы жаңалықтарына үйретіп, шетелдік әріптестерімен тәжірибе алмасу жолдарын да ұйымдастырып отырамыз», - дейді компания өкілі.
Өз кезегінде «Аяла» қорының вице-президенті Жангелді Сәрсенов «Шеврон» компаниясының жұмысы еліміздегі барлық бизнес өкілдерін балаларды әлеуметтік тұрғыда қолдауға үлгі болатынын атап өтті.
Айта кетейік, акция аясында Астананың № 3 перинаталдық орталығына жансақтау үстелі, 4 шприцтік дозатор, фототерапия аппараты және басқа да құрылғылар сыйланды.
Қалалық № 1 балалар ауруханасына 5 оттегілік концентрат, 4 инфузиялық станция, 2 инфузиялық дозатор, сондай-ақ, ойын болмесіне арналған заттар мен жиһаздар орналастырылды.
Қалақы № 2 балалар ауруханасы тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларды емдейтін «Релакс» сенсорлық бөлмесіне ие болды.