Қазақстанның мұнай-газ саласында мемлекеттік тіл саясатын дамыту қажет - «ҚазМұнайГаз» компаниясы

АНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгінгі таңда отандық мұнай-газ саласында мемлекеттік тілді дамыту қажет. Бүгін қазақстандық мөлшерді дамыту және кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Бизнеске қолдау көрсету жөніндегі бас менеджері Серік Елшібеков осылай айтты.

Оның мәліметі бойынша, осы орайда бүгінде Норвегияның тәжірибесі Қазақстанға үлгі бола алады. «Бұл елдің тілі аса ауыр болғанына қарамастан, Норвегия мұнай-газ саласында тек мемлекеттік тілді қолданып келеді. Бұл - үлкен жетістік. Қазақстанда болса, ең бірінші, ағылшын тілін білуді талап етеді», - дейді С.Елшібеков.

Компанияның бас менеджері атап көрсетендей, көрші Әзірбайжан елі отандық мұнай-газ саласында қызмет етіп жатқан мамандардың 80 пайызын жергілікті ұлт өкілдері құруы тиіс деген қағидатты заңды түрде бекітті.