деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Конкурс комиссиясының шешімімен «Ақпараттық агенттіктің үздік журналисі» аталымында «Тренд» агенттігінің тілшісі Күлпаш Коңырова жеңімпаз атанса, «Орыс тіліндегі республикалық баспасөздің үздік журналисі» - Олег Червинский («Новое поколение» газеті), «Қазақ тіліндегі республикалық баспасөздің үздік журналисі» - Жылқыбай Жағыпар («Егемен Қазақстан» газеті) және «Аймақтық баспасөздің үздік журналисі» аталымында «Огни Маңғыстау» газетінің тілшісі Ақбала Алекешева жеңіске жетті. Сондай-ақ Қазақстанның мұнай-газ саласының 110 жылдығы тақырыбына қалам тербеген Жәмиля Каримоваға («Новое поколение» газеті), Расул Жұмалы («Эксклюзив» журналы), Жанар Низамутдинова («Алтын орда» газеті), «Нұр Астана» және 7-ші телеарнаның ұжымына арнайы сыйлықтар тапсырылды.
Жеңімпаздарды «Қазэнерджи» қауымдастығы және «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшылығы құттықтап, барлық журналистерге ақшалай сыйақыларды табыстады.