Сегіз жыл бұрын Sports.kz сайты «Алмаз» жобасын іске қосқан болатын. Бұл жоба бойынша Қазақстан чемпионатының ең үздік футболшысы анықталады. Лауреаттарды Қазақстан Премьер-Лигасы командаларының бас бапкерлері мен футболшылары іріктейді. Бұған дейін «Алмаз» жобасы бойынша Ұлықбек Бақаев (2011/2012), Андрей Финонченко (2013), Бауыржан Исламхан (2014, 2016), Жерар Гоу (2015), Жуниор Кабананга (2017), Маркос Пиззелли (2018) сияқты ойыншылар жеңіс тұғырына көтерілген-ді. Енді 2019 жылдың жеңімпазы болып Қостанайдың «Тобылында» ойнайтын Азат Нұрғалиев танылды.
Ал «Астананың» 31 жастағы вингері Марин Томасов екінші орынға ие болды. Хорват наурыз айында «гол пас» жүйесі бойынша 6 ұпай жинады. Үшінші орында - 27 жастағы «Ордабасы» шабуылшысы Алексей Щеткин.
Жалпы дауыс беру қорытындысы мынадай:
1. Азат Нұрғалиев («Тобыл») - 34 ұпай
2. Марин Томасов («Астана») - 33
3. Алексей Щеткин - «Ордабасы») - 11
4. Жоао Паоло - "Ордабасы") - 6
5. Иван Маевский («Астана») - 5
6. Сергей Малый («Ордабасы») - 5
7. Никита Наумов («Жетісу») - 4
8. Джаба Канкава - («Тобыл») - 4
9. Игорь Шацкий («Шахтер») - 4
10-13. Джошуа Джон - («Қайсар») - 3
Элгуджа Лобжанидзе - («Тараз») - 3
Руслан Степанюк - («Жетісу») - 3
Марин Аничичич - («Астана») - 3
14. Дмитрий Непогодов («Ордабасы») - 3
15-20. Рада Дугалич - («Қайрат») - 2
Камо Оганесян - («Жетісу») - 2
Аслан Дарабаев - («Ертіс») - 2
Михаил Гордейчук - («Тобыл») - 2
Мірзад Механович - "Ордабасы") - 2
Антонио Рукавина - («Астана») - 2
21-25. Жүніор Кабанананга («Астана») - 1
Мақсат Байжанов («Қайсар») - 1
Абдулайе Диакате («Ордабасы») - 1
Милан Стоянович («Оқжетпес») - 1
Карлуш Фонсека («Ертіс») - 1
Фото: fctobol.kz