Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі елшісі тағайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.