14:42, 25 Сәуір 2009
Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды
АСТАНА-АҚОРДА. Сәуірдің 25-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі Майнура Саветқызы Мырзамадиева
Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.