Тоты Әмірованың айтуынша, жоғарғы әрі жеңіл авиацияда ұшақтардың жетіспеушілігі сезілмейді.
«Жоғарғы әрі жеңіл авиацияда ұшақтардың саны айтарлықтай артып келеді. Егер Роман Васильевич (ҚР ИДМ вице-министрі - авт.) осы авиациядағы ұшақтардың саны өткен жылы 602 болғанын атап өтсе, биыл олардың саны 662-ге жетті. Демек, айтарлықтай тез артып келеді», - дейді Тоты Әмірова.
Алайда Тоты Әмірова өз сөзінде аймақтық әуе кемелерінің саны аз екенін жеткізді.
«Қазақстанда аймақтық әуе кемелерінің жетіспеушілігі сезіледі. Облыс орталықтарынан хабарласып жатқанда және 15-20 шақты жолаушыны тасымалдаған кезде аймақтық әуе кемелері керек болып жатады», - дейді Тоты Әмірова.
Еске сала кетсек, ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Қазақстанда Ан-28 ұшағынан бар-жоғы жетеуі ғана қалғанын мәлім еткен болатын.