«ТМД-ның көптеген елдерінде Қазақстандағыдай жағдай жоқ. Кейбір елдердің қаржылық-экономикалық дәрменсіздігі онкология проблемаларын жаба алмай отыр. Оған қоса, онкологияның алдында тұрған міндеттердің маңызын терең түсінбеушілік те бар. Сондықтан да ТМД-ның кейбір елдері бұл мәселеде Қазақстаннан артта қалып қойған. Менің ойымша, онкологиямен күресу мәселесінде Қазақстан алдыңғы қатарда», - дейді Михаил Давыдов.
Қауымдастық басшысының айтуынша, скрингтік бағдарламаларды ұйымдастыру онкологиялық ауруханалардағы ем-домның тиімділігін түбегейлі арттыруға мүмкіндік беретін болады.
«Ал бұл бағдарламаларға мемлекет тарапынан қолдаудың көрсетілуі елдің барлық онкологиялық қызметін өзгерте алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған - материалдық-техникалық базалар жаңартылып, жаңа технологиялар әкелінуде, жаңа оқу мекемелері салынуда», - деді ол.