Қазақстанның Оңтүстігі мен Шығысындағы энергия ресрустарын толық пайдалану жылына шамамен 30 гВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Оңтүстігі мен Шығысындағы энергия ресрустарын толық пайдалану жылына шамамен 30 гВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.

Бұл туралы бүгін ҚР Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті.

«Қазақстанның гидроэнергетика саласында да зор әлеуеті бар. Меніңше, Оңтүстік пен Шығыстағы энергия ресурстарын толық көлемде пайдалану жылына шамамен 30 гВт электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді», - деді ол бүгін Халықаралық энергетикалық агенттіктің жарияланымы мен Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің энергикалық саясатына шолуға арналған INOGATE бағдарламасының тұсаукесеріне арналған шарада.

Сонымен қатар министр Қазақстанның жаңартылатын энергия көздерін дамытуда да зор әлеуетке ие екендігін баса айтты.

«Күн мен желді пайдалануда да Құдай бізді кенде қалдырып отырған жоқ», - деді В.Школьник.