Қазақстанның оңтүстігінде екі дала өрті сөндірілді
10:40, 04 Шілде 2009
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстігінде екі дала өрті сөндірілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының Ұзынбұлақ ауылында шілденің 3-інде сағат 11.58-де алаңы 200 гектардан асатын дала алқабының өртенуі орын алды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сол күні сағат 19.20-да сөндірілді.