Қазақстанның оңтүстігінде ескерту жарияланды

АСТАНА- ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауа райына байланысты мәліметтерден белгілі болғанындай,14 қараша күні Оңтүстік Қазақстан облысында шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Бұған қоса, 14 қараша күні Қостанай облысында және 14-16 қараша аралығында Қызылорда облысының кейбір жерлерінде тұман түседі.