«Қазақстанның солтүстігіндегі циклон мен атмосфералық ауа ағындары көптеген облыстарда жаңбыр мен қар аралас жаңбыр, тұман мен көктайғақ әкеледі. 10 сәуірде батыс облыстарда антициклон таралып, ауа райы жауын-шашынсыз болады», - делінген синоптиктердің хабарламасында.
Оңтүстіктегі облыстарда ауа райына байланысты ескерту жарияланды. 10 сәуір күні Қызылорда облысында, 9-11 сәуір күндері түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 1-3 градусқа дейін суық, 11-12 сәуірде Жамбыл және Алматы облыстарының кей жерлерінде 5 градусқа дейін қатқақ болуы ықтимал.