Қазақстанның оңтүстігінде күн суытатыны ескертілді
07:28, 19 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - 19-20 қазан күндері түнде Алматы, Қызылорда, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн суытып, ауаның температурасы 0-ден 5 градус суықтыққа дейін төмендейді.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап хабарлады.