Қазақстанның оңтүстігінде орын алған екі жол апатында 17 адам зардап шекті
08:44, 08 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның оңтүстігінде екі жол-көлік оқиғасында 17 адам зардап шекті,
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.Жамбыл облысының Меркі ауданында, Алматы-Ташкент тас жолының 326-шы шақырымында кеше, мамырдың 7-сі күні сағат 23.00-де «Фольксваген» автокөлігі мен «КамАЗ» жүк көлігі соқтығысып қалды. Оқиға салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, ал жүргізуші мен тағы бір жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Сондай-ақ кеше сағат 13.20-да Оңтүстік Қазақстан облысында Шымкент-Ташкент жолының 1-ші шақырымында №22 бағыттағы жолаушылар автобусы мен «КамАЗ» көлігі соқтығысады. Оқиға салдарынан 14 адам зардап шекті, олардың төртеуі түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылса, он адам алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне қайтарылды.