"Оңтүстік Қазақстанның таулы өзендерінде күшті жауын-шашын болуы туралы болжамға байланысты бүгін түнде және таяудағы тәулікте - 24 наурызда су тасқыны болуы күтілуде. Алматы және Жамбыл облыстарындағы тау өзендерінде таяудағы тәуліктерде - 24 наурызда жаңбыр суы мен еріген қар салдарынан су тасқыны болуы мүмкін", делінген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің сайтында орналастарылған хабарламада.