деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Алматы облысында кейбір жерлерде желдің секундына 18-23 метрге дейін күшеюі, Алакөл көлдерінің ауданында түнде жел екпіні 30 метрге дейін жетеді деп күтіліп отыр.
Жамбыл, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтілуде.
Оңтүстік Қазақстан облысында - кейбір жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде тұман түседі.
Қызылорда облысында кейбір жерлерде тұман, жел жылдамдығының 15-20 м/с дейін күшеюі күтілуде.
Батыс Қазақстан облысында кейбір жерлерде тұман түседі.
Атырау облысында кейбір жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қостанай облысында - кейбір жерлерде тұман, бұрқасын, желдің секундына 15-20 метрге дейін күшеюі күтіліп отыр.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Ақмола облыстарында кейбір жерлерде бұрқасын, желдің 17-22 м/с жылдамдықпен соғуы күтілуде.
Шығыс Қазақстан облысында - кейбір жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
Жақын тәуліктерде Сырдария (Көктөбе және Кергелмес гидробекеттерінің арасында), Шу өзендерінде, Алматы облысының жекелеген өзендерінде (Іле, Қаратал, Ақсу, тағы басқа) мұз бетінің әлсіреуі және бұзылуы күтілуде. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының өзендерінде су деңгейлерінің ауытқулары байқалады. Ауа температурасының жоғарылауына және күтіліп отырған жауын-шашындарға байланысты Алматы облысының төменгі таулы аймағында қардың еруі байқалады. Оңтүстік Қазақстан облысының жекелеген төменгі таулы өзендерінде су тасқны болуы күтілуде.