Қазақстанның Оңтүстік Африкадағы Елшісі тағайындалды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Жарлығымен Талғат Ғабдуллаұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

ҚанатҚобыландыұлы ТУМЫШ - Қазақстанның Оңтүстік Африка Республикасындағы Елшісі

Қанат Қобыландыұлы кадрлық дипломат, көпжақты дипломатия,халықаралық қауіпсіздік, қарусыздану және контртерроризм салаларындағытәжірибелі маман.

1975 жылы 7 қарашада Ақтөбеде туған. Халықаралықэкономикалық қатынастар мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетін бітірген.

Өзінің дипломатиялық мансабын 1997 жылы Қазақстан СІММемлекеттік Протокол басқармасының референт қызметінен бастады.

1998 жылдан 2005 жылға дейін Қазақстан СІМ орталықаппаратында, сондай-ақ еліміздің Ыстанбұлдағы Бас консулдығында, Анкара менБудапешттегі елшіліктерінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеді.

2005 жылдан бастап халықаралық ұйымдар және қауіпсіздікмәселелері Департаментінің бірінші хатшысынан Жалпыазиялық ынтымақтастықдепартаменті директорының орынбасарына дейінгі мансаптық өсу кезеңдерінен өтті.

2010 жылы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шараларыжөніндегі кеңестің II саммитінде бұл халықаралық ұйымның Атқарушы Директорыныңорынбасары болып тағайындалды, онда 2014 жылғы маусымға дейін қызмет атқарды.

2014-2015 жылдары Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды.

2015 жылғы ақпанда Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағыТұрақты өкілдігінің кеңесші-уәкілі болып тағайындалды.

Преторияға тағайындалғанға дейін 2016 жылғы тамыздан бастапҚазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілінің БҰҰ ҚауіпсіздікКеңесінің мәселелері жөніндегі орынбасары болды.

Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар