Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов айтты.
«Біз Шығанақ, Таяу Шығыс елдерінің өкілдерімен кездестік. Мәселен, біздер қыс уақытында сол жақтарға баратын болсақ, жазда олар әртүрі аймаққа сапарлайды. Олар Оңтүстік Қазақстан облысын өте оңтайлы деп отыр», - деді ол.
Осы орайда К.Мәсімов Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешевке Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовпен бірлесіп, аталған өңірде жаздық туризмді дамыту әрі Таяу Шығыс елдеріннен туристер тарту мәселесін қарастыруды тапсырды.
«Ол жаққа кепілдендірілген сұраныс бар. Дегенмен, қолға алар болсақ, олардың тамақтану, тұрғылықты орынжайға қатысты үйреншікті стандарттарымен жасау керек», - деді Үкімет басшысы.
Сонымен қатар К.Мәсімов таяуда Астананы дамытуға қатысты өткен жиында Елбасы Н.Назарбаевтың елордада медициналық туризмді дамыту бағытында берген тапсырмасын еске салып өтті.