21-23 сәуірде елдің батысында және солтүстігінде, 23 сәуірде республиканың шығыс аудандарында жаңбыр жауады.
Оңтүстік облыстарда жаңбыр жауып, күн күркірейді және жел соғады. Солтүстік облыстарда қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсуі ықтимал.
Солтүстік Қазақстан облысында 21 сәуір күні оңтүстік-батыстан жел тұруына (жылдамдығы 15-20 м/с, кей жерлерде 23-28 м/с) байланысты ескерту жарияланды.
Петропавлда 21 сәуірде оңтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с болатын жел тұруы мүмкін.