Қазақстанның орта салмақтағы мықты боксшылары кімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат – Topclassboxing.co.uk журналисі Джейми Борн Қазақстанның орта салмақта өнер көрсететін перспективті боксшыларын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстанның орта салмақтағы мықты спортшылары бар. Әбілхан Аманқұл (2-0), Мейірім Нұрсұлтанов (18-0), Жәнібек Әлімханұлы (12-0)», - деп жазды Борн Twitter-де.

Қазіргі уақытта орта салмақтағы әлем чемпионының үш WBA Super, IBF және IBO белбеуі 40 жастағы Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) еншісінде. Сондай-ақ, тағы бір белбеу (WBO) Жәнібек Әлімханұлына (12-0) тиесілі. Ал, Мейірім Нұрсұлтанов (18-0, 10 КО) WBO International белбеуінің иегері. Әбілхан Аманқұл (2-0, 2 КО) кәсіпқой бокста титул үшін әзірге айқасқан жоқ.