Республиканың қалған аумағында антициклонның ықпалымен ауа райы жылы, елдің батысы мен оңтүстігінде - ыстық болады.
Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында, күндіз Ақтөбе облысында кейбір жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысындағы Жалаңашкөл стансысының ауданында 15-20 м/с-ке дейінгі екпінде жел тұрады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Жақын тәуліктерде Ертіс, Бұқтырма өзендерінде мұз еріп, сең жүру жалғасады, мұз кептелістерінің болуы, су деңгейлерінің көтерілуі мүмкін. Жайық (БҚО аумағында), Есіл (СҚО аумағында) өзендерінде, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының жекелеген өзендерінде тасқындардың күшеюі, су деңгейінің көтерілуі күтіледі. Республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерінде сулылықтың ауытқулары байқалады.