АСТАНА. 13 мамыр. ҚазАқпарат Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің Қабылдау үйінде аталған елде тіркелген дипломатиялық өкілдіктер арасында 10-шы мәдени дәстүрлер және ұлттық тағамдар фестивалі өтті.
Әрбір елшілік өз елінің ұлттық тағамдары мен халықтық қолданбалы өнер жәдігерлерін келушілер назарына ұсынды.
Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің қызметкерлері қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ұлттық тағам түрлерін шетелдік қонақтарға ұсынды. Фестиваль аясында аталған мәдени шараға қатысушылардың мерекелік концерті де өтті.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.