Белгіленген ереже бойынша Елшілік жанындағы №145-ші сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 06.00-да ашылды және Өзбекстан аумағында жүрген Қазақстан азаматтары сағат 07.00-ден бастап дауыс бере бастады.
№145-ші сайлау учаскесінің сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан елшілігінің кеңесші-елшісі Уәлихан Төрехановтың хабарлауынша, қазіргі таңда Елшілікте Қазақстан Республикасының 2325 азаматы консулдық есепте тұр. «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына үлкен әзірлік жұмыстары жүргізілді. Біздің қызметкерлеріміз өңірлерді аралап, біздің азаматтарымызбен кездесті және оларды сайлауға қатысуға шақырды», - дейді дипломат.
- Республика азаматтары өздерінің сайлау құқықтарын жүзеге асыра алулары үшін, оларға шақырулар таратылды. Сондай-ақ Өзбекстанның мерзімдік басылымдарында хабарландырулар жасалды, - деп атап көрсетті У.Төреханов өз сұхбатында.