Тараптар өңірдегі бейбітшілікті, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қолдау және нығайтуға бағытталған ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылады, сондай-ақ Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Аймақтық лаңкестікке қарсы құрылымы Атқарушы комитетінің болашағы бар бағыттарға қатысты пікір алмасты.
Қытай өкілі Ч.Синьфэн директордың қызметіне ШЫҰ-ға мүше мемлекет басшылары Кеңесінің шешіміне сәйкес үш жылдық мерзімге тағайындалды. Ол бұл қызметте бұған дейін болған Қазақстан өкілі Жеңісбек Жұманбековты алмастырды.