«Біздің команда Әзербайжан астанасынан қола медаль олжалап кетіп барады: Жұлдыз Әшімова (53 келі) өз жүлдесін күрессіз еншіледі. Қарсыласы жергілікті спортшы Патимат Багомедова мұның алдындағы тартыста жарақат алып, кіші финалда өнер көрсетуден бас тартты», - делінген хабарламада.
Қалған қыздарымыз үшінші орын үшін күресте жеңіліс тапты. Атап айтқанда, Татьяна Аманжол (48 келі) жапон Юки Ириэге - 10:13, Меруерт Дынбаева (55 келі) мен Гюзель Манюрова (75 келі) беларусьтық палуандар Катерина Ганкарь (3:13) мен Василиса Марзалюкқа (3:8) жол берді.