АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның Парсы шығанағындағы кез келген елге астық экспорттау мүмкіншілігі бар. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК» АҚ коммерциялық директоры - басқарушы директоры Нұрбек Дайырбеков мәлім етті.
Қазақстанның астық экспорттау нарықтары географиясы барынша кең екендігін атап өткен ол: «Егер Иран арқылы транзитке қатысты айтар болсам, онда біз Парсы шығанағының кез келген еліне шыға аламыз. Сонымен қатар біз осы кеңістіктегі өңірлерге де шығуға мүмкіншілігіміз бар», - деді.
Н.Дайырбековтің сөзіне қарағанда, Қытай мен Оңтүстік Шығыс елдері бағытында да астық экспорттау мүмкіншілігі мол.
«Бұл бағытта Индонезия, Жапония және Оңтүстік Кореяға астық экспорттауымызға болады», - деді ол.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.