"Осыдан тұра 1,5 ғасыр бұрын Қазақстаның пошта саласының негізі қаланды. Қазіргі таңда бұл салада 80-нен астам компаниялар мен байланыс операторлары жұмыс жасауда. Әрине олардың ішінде ұлттық деңгейдегі "Қазпошта" АҚ ерекше рөл атқарып отыр. Оның елдің барлық аймағында 3,5 мың пошта байланысы бөлімшесі бар. Олар қала мен ауылдық елді-мекендерде де әрқилы салалар бойынша тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді", деді ҚР Байланыс және ақпарат министрінің жауапты хатшысы Қайрат Әбсаттаров. Оның айтуынша, Алматы поштамты Қазпоштаның ең табысты бөлімшелерінің бірі болып отыр. Ол Қазақстан поштасын қазіргі заманғы озық деңгейде көрсете алады.
17:13, 08 Қазан 2010
Қазақстанның пошта қызметі саласында 80-нен астам компаниялар мен байланыс операторлары жұмыс жасайды
; АЛМАТЫ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматы поштамты Қазақстан поштасының қазіргі заманғы деңгейін көрсете алады. Бұл бүгін Алматыда пошта қызметкерлерінің кәсібіи мерекесіне арналған салтанатты жиында айтылды.